Нурдавитов Даулет Серикович

Нурдавитов Даулет Серикович

12.04.1994 ж. дүниеге келген. 2014 жылы Ақтөбе байланыс және электротехникалық колледжін үздік дипломмен бітірді. Оқу кезінде колледж құрамының волейболдан капитаны болды және колледж аралық спартакиядалардың 4 дүркін чемпионы. Колледждің IV курсында оқып жүргенде «Б» жоғары лигасында ТНК «КАЗХРОМ» командысында ойнады, сол командамен «Б» жоғары лигасының ерлер командалары арасында волейболдан ҚР чемпионатында ойнап 2 – орын алды.

Колледжді бітіргенненкейін Д. Нурдавидов Ақтөбе қаласындағы «КЕГОК» АК – да өлшеу және сынау бойынша электромонтер лауазымында жұмыс істеді.

2016 жылдан бастап ҚР Мемлекетттік күзет қызметі «Айбын» Президенттік полкі келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп, Қазақстан көлік және коммуникация қатынас жолдары университетінде «Энергетика» мамандығы бойынша сырттай білім алуда.

Әскери келісімшартым аяқталған соң, электрэнергетика саласында жұмыс істеуді жалғастырады.