12.03.1959 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Ақтөбе байланыс техникумын, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін бітірген.
1979-1983 жылдары Байғанин аудандық байланыс торабында электрмонтер, техник-механик.
1983-1994 жылдары Байғанин Радио-телевизия тарату стансасында электрмеханик, аға механик, инженер.
1994-2003 жылдары «Қазақтелеком» АҚ ОУРРС-цех бастығы, ЭТУС бастығы, Әйтеке би аудандық байланыс торабы директоры.
2003-2004 жылы Батыс Қазақстан ОДТ, «Қазақтелеком» АҚ Орал қаласы.
2004-2006 жылдары Ақтөбе қаласы, «Қазақтелеком» АҚ Радиотехникалық бірлестігі, инженер.
2006-2010 жылдары Алға қаласы «Аққайнар» кәбілдік-теледидар тарату мекемесінің бастығы.
2010 жылдан бастап осы кезге дейін Байғанин аудандық байланыс торабының бастығы.
2013 жылы Байғанин ауданының «Жыл адамы» атағын алған.
2016 жылдан бастап Байғанин ауданы мәслихатының депутаты.