1990 жылы 30 сәуірде Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Байжанкөл ауылдық округінде туған.
2005-2009 ж.ж. – «Ақтөбе байланыс және электротехника» колледжінің, 3805002 – «Байланыс желілері және коммутация жүйелері» бөлімінде оқып, «байланыс технигі» мамандығын алып шықтым.
2009 жылы Сол жылы «Қазахтелеком» Акционерлік Қоғамына қарасты «Алыспен байланыс» бірлістігінде ТУСМ-14 алғашқы еңбек жолымды бастадым.
2011 жылы Ақтобе қаласындағы ТУСМ-14 мекемесінің №141 цехына 4-дәрежелі «элекромонтер ЛСЭ» мамандығымен ауыстым.
2015 жылы РВБ бөліміне 5-дәрежелі «кабельщик-спайщик» мамандығына ауыса отырып жұмысымды жалғастырдым.
2015 жылдан бастап Қызылорда облысы Арал қаласындағы ЖКҚЦ-1410 байланыс цехының бастығы қызметін атқарып келемін.
2017 жылы «Қазахстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелері» университетінің «Техника және технология » мамандығын тамамдадым.2017 жылы Қазақтелеком АҚ «Құрмет грамотасы», «Алғыс хаттарымен» марапатталдым.
Қорыта келе, өзім білім алып самғап ұшқан Ақтөбе байланыс және электротехника колледжінде оқыған кездерімді сағынышпен еске ала отырып, тәлім-тәрбие берген ұстаздар қауымына шын жүректен, ыстық ықыласпен ризашылығымды білдіріп, рахметімді айтқым келеді.
Бұл колледж еліміздің көркейуіне үлес қосқан бірден-бір оқу орындарының бірі деп есептеймін. Алдағы уақытта сіздерге мақтаныш болатын талай түлектерді ұшырып шығаруларыңызға тілектеспін.