Библиотека

Библиотека

Ақтөбе байланыс және электротехника колледж кітапханасының ақпарттық ресурстары және кітапхан қоры туралы мәліметтер

1.     Кітапхана туралы жалпы ақпарат;

2.     Кітапхананың негізгі міндеттері;

3.     Кітапхананы пайдалану ережесі, оқырман міндеттері;

4.     Оқырмандар туралы ақпарат (мамандық бойынша тиісті оқулықтар);

5.     Кітапхана құжаттары (жылдық жұмыс жоспары, мүлік есеп кітабы, жылдық есеп кітабы, қордан шығарылған оқулықтар актісі)

6.     Кітапхана қорымен таныстыру;

7.     Мерзімді басылымдар туралы ақпарат;

8.     Электронды оқулықтар;

 

Кіріспе сөз

         Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш-білім және білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан дүниесі бай, білімі мен біліктілігі жоғары, талап – талғамы терең, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған тұлғаны айтамыз.

         Бүгінгі студент ертеңгі ел маманының еліне, жеріне деген сүйіспеншілігінің артуы, олардың бойында ұлттық намыс, отаншылдық, адамгершілік қасиеттерінің ұлғая түсуі жолында кітапхана қызметкерлері халқымыздың қилы тарихын, өнегелі әдет-ғұрпын, мәдени – мұраларын, әдебиет қазыналарын оқырмандарға кітап арқылы насихаттай білуі керек.  Студенттердің жақсы маман болып шығуына ықпалын тигізетін бірден бір тұлға – кітапханашы. Ақтөбе байланыс және электротехника колледж заман талабына сай бәсекеге қабілетті маман дайындайтын техникалық білім беретін ілгері оқу орындарының бірі. Қазіргі таңда оқу орны еңбек нарығында сұранысқа ие 9 мамандық бойынша орта буын мамандарын дайындайды.

1.     Кітапхана туралы жалпы ақпарат:

Колледж кітапханасының негізгі ұстанымы:

·        Жоғарғы ақпараттылықпен оқу орнының профиліне сәйкес болуына;

·        Баспа нарығында ақпараттық өнімдердің сапалы және толық іріктелуіне;

·        Қордың әрдайым жаңартылуына көңіл бөлу.

            Колледж кітапханасы – пайдаланушылардың талаптарын толық және жедел қанағаттандыруға бағытталған қазіргі замандағы ақпараттық технологиялар негізінде қызмет ететін инновациялық ақпарат орталығы.

Кітапхана 1979 жылдан бері оқырмандарға қызмет атқарады. Кітапхана 2014 жылы колледж жатақханасына көшірілді, жалпы көлемі 82.02 ш.м., оның ішінде кітап сақтау орнының көлемі 30.78 ш.м. Кітапханада 1 оқу залы, 30 орындық, 1 кітап қорын сақтайтын бөлме бар. Оқырмандарға қызмет көрсету орны -1.