Попечительский совет

Попечительский совет

 Қамқоршылық кеңестің құрамы

"Ақтөбе байланыс және электротехника колледжі" МКҚК

 

 

Тегі, аты-жөні Жұмыс орны, қызметі Қамқоршылық кеңесіндегі жұмысы
1  Третьяк Владимир Иванович Ақтөбе қалалық №9 ОМ дене шынықтыру оқытушысы ҚҚ төрағасы
2 Сисенова Жамиля Советовна "ҚазПошта" АҚ АФ пошта технологиялар бөлімінің меңгерушісі хатшысы
3 Қадыралин Қамбар Бірмағамбетович Сазды АІДБ, жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор, полиция майоры ҚҚ мүшесі
4 Гольцварт Наталья Александровна "Бителеком" АҚ АФ кадр бөлімінің меңгерушісі ҚҚ мүшесі
5 Мүсенова Асель Аменгельдиновна "КазТрансКом" АҚ АФ менеджері ҚҚ мүшесі
6

Сарқұлова Фаина Кусимовна

Өзін-өзі жұмыспен қамтушы ҚҚ мүшесі
7

Қисабекова Гульзада Танжариковна

Өзін-өзі жұмыспен қамтушы ҚҚ мүшесі
8 Ақылова Гульнара Иманалықызы "РЦКУ Запад" ШЖС, бақылаушы  ҚҚ мүшесі
9

Қалекешов Култай Жангереевич

Өзін-өзі жұмыспен қамтушы ҚҚ мүшесі

 

 

Ақтөбе байланыс және  электротехника колледжінің қамқоршылық кеңесіне әлеуметтік педагог А.Юсуповадан

Протокол № 2

Протокол № 3

 

20.05.2019 жылы Ақтөбе байланыс және электротехника колледжінің қамқоршылық кеңесі отырысыны өтті. Қатысқандар: Сисенова Ж.С., Гольцварт Н.А., Мусенова А.А. Калекешев К.Ж., Саркулова Ф.К., Қорықбаев С.И., Қанбаев М.С., Каримсаков Т.К.

Күн тәртібі:

  1. Білім алушылармен ішкі тәртіп Ережесінің сақталуы (колледж формасының сақталуы, білім беру ұйымдарына алып кіруге тыйым салынған заттарға жүргізілген рейдтердің қорытындысы)/Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары - Қанбаев М.С./
  2. Білім алушылардың қосымша біліммен қамтылуы./Директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары- Каримсаков Т.К./
  3. Білім беру ұйымы басшысының есебі./Директор - Қорықбаев С.И./

 

  1. Білім алушылармен ішкі тәртіп Ережесінің сақталуы. М.С.Қанбаев:

Әр оқу орнының белгілі стандартқа сай өз формасы болу керек. Форма- сенің келбетің, сол оқу орнының айнасы болуы керек. Колледж формасы туралы айтатын болсам, студентке қара немесе қоңыр, қою көк түсті белдемше, сарафан мен ақ, көгілдір, ақшыл түсті кофта болғаны дұрыс. Ер балаларға колледж формасы ашық емес түстерден костюм, ақшыл түстен жейде болса әдемі көрінеді. Осы классикалық костюм үлгісіне шаш қою үлгісі де дұрыс болғаны жөн.

  1. Білім алушылардың қосымша біліммен қамтылуы. Т.К.Каримсаков:

Түлектерді жұмысқа орналастыру көрсеткішін әріде арттыружолында, әрбір студентке негізгі мамандығына қосымша басқа туыстық жұмысшы мамандықтарын алу үшін,колледжде ұйымдастырылған арнайы курстарында оқуұсынылады. Яғни шәкірттер бірден кәсіптің қос түрін игеруде. Мәселен, пошта байланыс технигі тобындағы жастарға «1С Бухгалтерия» курсы, ал техник-механигі тобындағыларға «3-ші разрядты жарықтандыру және жарықтандырғыш желілерінің электрмонтаждаушысы» курсы қоса оқытылады.

  1. Білім беру ұйымы басшысының есебі. С.И. Қорықбаев:

Ақтөбе байланыс және электротехника колледжінде барлық атқарылатын жұмыстар қатаң 2017 жылы бекітілген 5 жылдық жоспарына  сәйкес өткізіледі.

2018 жылдың наурыз айында барлықшоттардағы баптары бойынша қаржылық берешектері толық жабылды. Колледждың барлық қызметкерлеріне 2018 жылдың желтоқсан айында күнтізбелік жылдың қортындысы бойынша бір айлық жалақы көлемінде ақшалай сыйлық төленді.

Ағымдағы оқу жылында акт залы  мен спорт залына күрделі жөндеулер, сонымен қатар жатаханада мен оқу ғимаратының дәліздерінде ағымды жөндеулер өткізілді.

Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойының  шеңберінде, 2019 жылдың наурыз айында Ақтөбе байланыс және электротехника колледжінің 40 – жылдығына орай облыстық шара өткізілді.

Колледжді аккредиттеуден өту жұмыстары дайындалуда.

Ақтөбе байланыс және электротехника колледжі 2019 жылының сәуір айында өткен WorldSkills турнирінің облыстық кәсіби шеберлік чемпионатына 6 – құзіреттілігі бойынша қатысып 5 – қатысушымыз жүлделі орындарға ие болды.

Қорыта келе, Ақтөбе байланыс және электротехника колледжіндегі барлық атқарылатын жұмыстар дамудың перспективтік бес жылдық жоспарына  сәйкес жүргізілуде.