Воспитательная работа

Воспитательная работа

                                        2019-2020 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жылдық жоспары

 

КІРІСПЕ

1. Білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі мәселелері және тенденциялары

2.  Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

3.  Тәрбие беруді ұйымдастырудың негізгі ұстанымдары

4.  Жаңа заманауи білім беруде тәрбие үрдісінің  негізгі бағыттары

5.   Әртүрлі типтегі білім беру мекемелерінде тәрбие берудің  негізгі бағыттарын жүзеге асыру

5.1 Техникалық және кәсіптік  білім беру мекемелеріндегі тәрбиенің дамуы

6.    Бағдарламаның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету

6.1 Нормативтік - құқықтық базаның дамуы

6.2 Ғылыми қамтамасыз ету

6.3 Бағдарламалық - әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету

6.4 Басқарушы және педагогикалық кадрлармен жұмыс

6.5 Ведомствалық және қоғамдық серіктестермен өзара қарым – қатынасы

7.   Тәрбие сапасының баға критерийі

8.   Бағдарламаны жүзеге асырудағы күтілетін нәтижелер

 КІРІСПЕ

             Тәрбие - жеке тұлғаны дамытуға мақсатты бағытталған және педагогикалық тұрғыда ұйымдастырылған үдеріс, сонымен қатар қабылданған  құндылықтарды игеруге, қоғамның адамгершілік және моральдық  нормаларын белгілеу болып табылады.Жастарды рухани-адамгершілік тұрғысынан қалыптастыру, оларды өз бетінше өмір сүруге тәрбиелеу  қоғам мен мемлекет дамуының алғы шарттары болып табылады. Мемлекет саясатында тәрбие беру бағытын ҚР 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудағы Мемлекеттік бағдарламасы, ҚР «Білім туралы» Заңы, ҚР Конституциясы (1995 жылғы), «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы»  Заңы 18 қазан 2011 жыл,Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2015жыл 23 қараша ,ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат,бір болашақ,бір мүдде»,Ұлт жоспары-қазақстандық арманға бастар жол 2016 жылдың 1 қаңтарынан  «5 институттық реформаны  жүзеге асыру  бойынша 100 нақты қадам», «Мәңгілік ел жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары,ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 23 қазандағы «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»,Техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы ҚР 2015 жылғы 15 сәуірдегі заңы, ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №66 бұйрығы, ҚР Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 наурызда №13487 бұйрығымен тіркелген, «Қазақстан Республикаы Президентінің 2015-2025 жылдарға арналған  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» 2014 жыл 26 желтоқсан №986, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы ҚР Заңы және 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №155 Жарлығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидалары», Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына  арналған «Болашаққа 25 қадам» іс-шаралары, үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие Концепциясы білім берудегі адамгершілік қағидаларын айқындай отырып,білім алушыларға  Қазақстан Республикасының басқа да заңдарын түсіндіре отырып тәрбие беру,сонымен қатар жастарға қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпын насихаттау.

Педагогикалық ұжым мен отбасы арасындағы тығыз  қарым-қатынастар тәрбие берудегі негізгі  мақсаттар мен міндеттерді анықтап,жеке тұлғаны тәрбиелеу,білім беру,өз мүмкіншілігін жүзеге асыруға жағдай жасау негізін құрайды.

1. Білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі мәселелері және тенденциялары

Бағдарламаның негізгі ережелерін жүзеге асыру  Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі тәрбиенің инновациялық даму механизмін құруға мүмкіндік береді және адамгершілікті, азаматтылықты, патриоттылықты, әлеуметтік белсенділікті, шығармашылық шеберлікті, қазақстандық өскелең ұрпақтарының бойында  салауатты өмір салты дағдыларын  қалыптастыруға бағыттайды.

Қабылданатын  Бағдарлама мынаны  негіздейді:

Соңғы жылдары білім беру мекемелерінде жастардың әлеуметтік белсенділігі мен төзімділігін қалыптастыруға, олардың әлеуметтік-жоба қызметтеріне қатысуға қызығушылығын белсендіруге, өзін-өзі басқара білуін жетілдіруге  бағытталған тәрбиенің мақсаттық және вариативтік бағдарламасы, балалардың қоғамдық  қозғалысындағы  волонтерлік тәжірибелер  жинақталған.

Сонымен қатар жастардың арасында  жағымсыз әрекеттер қатары пайда бола бастады, олардың ішінде құнды бағыт- бағдардан жаңылу, рухани-адамгершілік мақсаттарының  тапшылығы, суицид, діни экстремизм, алдыңғы ұрпақ жетістіктерінің құнсыздануы, жастардың өндірісте еңбек етуден айырылуы сияқты мәселелер жаппай көрініс тапты. Жоғарыда көтерілген мәселелер аясында білім беру жүйесінде тәрбиенің  мынадай өзекті мәселелері анықталды:

- педагогикалық санада тәрбие құндылықтарының әлсіреуі, «білім беру қызметін» білім беру қатынастары  аясында таратуда тәрбие және білім беруді әлеуметтендіру қызметінің төмендеуі;

- тәрбие мақсаттарының нақты қойылмауы; тәрбиенің мазмұнының құндылықтарын жүзеге асыруда ұйымдастыру қызметіндегі әрекеттердің мөлшерден тыс шоғырлануы, тәрбие беруді  сапалы талдауда  сандық фиксацияға және тәрбие берудегі нәтижелерді артық бағалауға ұмтылыс жасау;

     -  тәрбие  беру қызметінің нашарлауы, тәрбиелеу әдістемесінің  бұрмалануы, жоспарсыз және талдаусыз ұжымдық шығармашылық жұмыстар, жастар мен балалардың бастамасынсыз, қатысуынсыз жасалған әлеуметтік жобалар, жобаны жүзеге асыруда студенттердің  өзін-өзі басқаруы мен жауапкершілігінің нашарлауы,жастардың бірін-бірі сыйламауы;

- тәрбиеге іс-шара ыңғайына қарай басым жағдай жасау,яғни,оқытушылар мен студенттер арасында іс-шаралардың басымдылығы мен біріктіріп өткізу жұмыстарын құру, қазіргі заманғы мәдени тенденцияның күшеюі, балалар мен жастардың ересектер әлемінен алшақтау әсері;

    - дүниетанымды таңдау мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыс технологиясының, адамгершіліктің,білім алушылардың әлеуметтік-мәдени ұқсастықтарын қалыптастырудың, жасөспірімдер мен жастардың азаматтық  іс-әрекетінің әлеуетін қалыптастырудың тапшылығы;

- тәрбие кеңістігінде тәрбие беретін әртүрлі субъектілер әрекеттерінің келіспеушілігі (білім беру институттарында, отбасы, балалар мен жастар бірлестігі, БАҚ, билік органдары және қоғамдық ұйымдар);

-  тәрбие үрдісін басқарудағы артық төрешілдік, білім беру қызметінде ынталандыратын еліктеушілік; шектен тыс әкімшілік құру, өктемшілдіктің  ұйымның өз мүмкіндігін дамытуға тигізер зияны;

-  білім беру мекемелеріндегі балалар мен ересектер қоғамының жетілмеуі;

- білім беру мекемелеріндегі тәрбие беру үрдісінің инфрақұрылым дамуының  төмен деңгейі, ресурстық қамтамасыз ету тапшылығы.

 Жоғарыда аталған мәселелерді шешудің қажеттілігі қоғамның дені сау күштерін шоғырландыруды, тәрбие беру қызметінің мазмұны мен түрін жаңартуды, адамгершілік тұрғысында тәрбиелеу және тәрбиенің ашық- жариялылыққа көшуін айқындайды.

Мемлекет балаларға тәрбие беруге және  азаматтардың құқығын жүзеге асыру жағдайларына  жауапты,  ал бұл мемлекеттік саясаттың өскелең ұрпақты тәрбиелеу бағытындағы жұмыстарын жоспарлауды және жүзеге асыруды  қажет етеді.

Тәрбие беру жүйесіндегі мемлекеттік саясат тәрбиенің міндеті мен мақсатын, оларды шешу стратегиясын, заңнаманың құрылуын, мемлекеттік бағдарламаларды, ресурстардың бөлінуін, тәрбие жобаларын маңызды әлеуметтік қолдауды, бақылау механизмін анықтауларды енгізу керек.

Жиынтығында осылардың бәрі өскелең ұрпақты қоғамдык сұраныстар мен қажеттіліктерге сай тәрбиелеу  жүйесін құруға қажетті жағдай жасауға ықпал етеді.

Азаматтық, патриоттық тәрбие беру мемлекет саясатының білім берудегі маңызды бағыттарының  бірі. Қазіргі жағдайда  азаматтық тәрбиенің негізгі принциптерінің басымдылығын анықтауда жаңа жоспарлар мен  тиімді тәсілдерді  жүзеге асыру қажеттілігі айқындалды. Түрлі білім беру мекемелерінде үздіксіз дамудағы тәрбие жұмыстарының әдістерін жасау, стратегия мен тактиканың үйлесімділігі басты назарда тұрады.

Түрлі білім беру мекемелерінің мақсат, міндеттерін есепке ала отырып, тәрбие жұмыстарының қазіргі динамикалық даму әдістерін жасауда стратегия мен тактиканың сәйкестік мәселесі ерекше назар аударуды қажет етеді.

2. Тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері

        Мақсаты - әртүрлі типті білім беру мекемелеріндегі тәрбие жүйесін қажетті ғылыми- әдістемелік, ұйымдастырушылық, кадрлық, ақпараттық және басқа да жағдайлармен қамтамасыз ету; олардың қызметтерін реттеу, жеке тұлға құзыреттілігінің әлеуметтік және мәдени дамуына, қоғамда  өзін-өзі таныта білуіне жәрдемдесу, адами - азаматтылықты, отбасылы  ата-ананы, кәсіби-маманды қалыптастыру.

Міндеттері:

3. Тәрбие беруді ұйымдастырудың негізгі ұстанымдары

            Қазіргі заманғы педагогикалық тәжірибеде тәрбие теориясын  шешу үшін әртүрлі әдістер ұсынады: аксиологиялық, қызметтік, жүйелік, синергетикалық, құзыреттілік, мәдениеттілік, орталық және т.б. Барлық әдістер бірін-бірі толықтырып және қазіргі заманғы тәрбиенің  көп сипатты түрін  көрсетеді.

            Мына ұстанымдарды сақтағанда ғана жоғарыда аталған тиімді мүмкіндіктерді  толығымен жүзеге асыруға болады.

            Тәрбие беруде баланың жас ерекшелігін, гендерлік және жеке ерекшеліктерін есепке алу ұстанымы тәрбиенің  жалпы адамгершілік даму заңдылығы мен жыныс ерекшелігіне, жасына, баланың басқа да жеке ерекшеліктеріне сәйкес болуы керектігін болжайды.

            Әлеуметтік серіктестік және тәрбие ұстанымы барлық тәрбие субъектілерімен теңқұқылы серіктес болуды, өзара келісімге келуді және жеке тұлға мен қоғамның дамуына  қызығушылықты   белсендіруді, консессус жетістігін бағдарлайды.

            Мәдениетті ойлаудағы тәрбие ұстанымы тәрбие үрдісін құрудағы  міндеттерді шешуде еліміздің көп мәдениеттілігі мен түрлі салт-дәстүрлеріне сәйкес мәдени әлеуеттің басты байлықтарын  қолдануды болжайды.

            Ұжымдағы тәрбие ұстанымы бойынша тәрбие үрдісі әртүрлі типтегі балалар мен ересектер қоғамында жүзеге асырыла отырып, адамдарға әлеуметтік өмірдің тәжірибесін және өзін-өзі танып білуге, өз тағдырын өзі шешуге, өзін-өзі жүзеге асыруға оңтайлы бағытталған жағдай жасайды.

            Тәрбие берудегі сабақтастық ұстанымы тәрбие процесінің үздіксіз болуын  (білім деңгейінің жүйесінде және өскелең ұрпақ деңгейінде), жеке тұлғаның мәдени-тарихи құндылықтарын және салт-дәстүрлерін тәрбие жүзінде иемдену қажеттілігін көрсетеді.

            Мемлекеттік-қоғамдық басқарудағы тәрбие ұстанымы өскелең ұрпақтың тәрбие мәселесін шешуде қоғамдық институттар және   мемлекеттік билік органдарының    өкілеттілігі мен консолидациясының күш салуын бөліп қарауды болжайды.

4. Жаңа заманғы білім беру үрдісіндегі тәрбиенің негізгі бағыттары

5. Әртүрлі типті білім беру мекемелеріндегі тәрбие ерекшеліктері және негізгі бағыттары

5.1.Техникалық және кәсіби білім беру мекемелеріндегі тәрбиенің дамуы

          Техникалық және кәсіби білім беру жүйесінде білім алушыларының мәртебесі, сипаты бойынша ерекшеленетін оқу жүйелері, білім берудің түрлері, институционализация деңгейі бойынша оқу талаптарын айқындайтын бақылау түрлері, экономикалық қамтамасыз ету және қызметін жүйелейтін білім беру мекемелері жұмыс жасайды және дамиды.

        Техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінің жүйесі қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік еңбектің белгілі бір түріне дайындайды және  бұл мекемелердегі оқыту білім алушылардың шеберлігіне, кәсіби дайындығына қарай аттестациялау, біліктілік дәрежесін тағайындауды жүзеге асырумен аяқталады. Бастауыш, орта техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінде қоғамдық өндірісті тек қана білікті кадрлармен қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен қатар сол маманның білім жүйесінде  әрі қарай дамуына  жағдай  жасайды.

          Қазіргі барлық кәсіби білім беру жүйесінің деңгейі  зерттелген мәселелерінің аздығымен сипатталады.  Олардың бірі – тәрбие мәселесі, оның сапалылығы мен мақсатты түрде дамуы. Кәсіби  білім беру мекемесінде тәрбие жүйесіне кері әсер етуші жағдайлар мен қоғам дамуындағы саяси және экономикалық жастардың әлеуметтік стихияға басымдылығы, мекемелер мен ұйымдардың білікті мамандарды дайындауда жұмыспен қамтушылардың қызығушылығының болмауы, білім беру мекемелерінің ішінде қарама – қайшылықтардың, әлеуметтік шиеленістердің болуы.

        Оқу үрдісінің дұрыс ұйымдастырылмауы, оқу бағдарламасының сәйкессіздігі, олардың пәндік – тәртіптік бөлінуі, уақыт талабына сай оқыту тәсілдері, басшылық және қарым – қатынастың субъективтік стилі, үстемдік басымдылығы, жастардың қызығушылығының ескерілмеуі, олардың  оқу әрекетін ұйымдастыру түрлерін таңдау құқығы, мекемені басқаруға қатысымы келіспеушілік пен  қарама – қайшылықтың негізгі көздері  болып табылады.

   Қазіргі жастардың бойында  әлеуметтік мәдени үрдістер мен  өзінің жеке тұлғасын  өзі анықтау қызығушылығының өсуі, олардың техникалық және кәсіби білім алуға ұмтылысы кәсіби білімнің тар аясынан шығумен сипатталады. Білім алушылардың жеке тұлғасының  дамуына  қолайлы жағдайлар жасау керек,  өз тағдырын өзі шешуге, өз бетімен білім алуды үйретуге, әлеуметтік тәжірибені кең көлемде игере білуге, өзін – өзі тәрбиелеуде көмек көрсету керек.   

Жоғарыдағы мәселелерді жүзеге асырудағы негізгі бағыттар:

Техникалық және кәсіби білім беру жүйесінде жеке тұлғаның негізгі мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тәрбиелеу үрдісі төмендегі мәселелерді көтереді:

Жоғарыда көрсетілген мақсатты жүзеге асыру бағдарлайды:

Техникалық және кәсіби білім беру мекемесіндегі тәрбие беру қызметінің  маңызды бағытына тәрбие жұмысын ұйымдастырушылардың  мамандарды кәсіби даярлау және қайта даярлауда көпдеңгейлі жүйені құруы жатады, оған оның мазмұны мен ақпараттық- әдістемемен қамтамасыз етуі қосылады.

6. Тәрбие жұмысының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету

Бағдарлама құқықтық - нормативтік, кадрлық, ғылыми және бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етуде нақты шаралар арқылы іске асырылады. Сонымен қатар бағдарламаны жүзеге асыруда басқару тетігі және қызметті үйлестіру, оның орындалуы қарастырылған (іс шаралар жоспарынан 5.1-5.5. тармақшасы келтірілмейді).

6.1. Нормативтік - құқықтық базаның дамуы

            Қазақстан Республикасының Заңнамасы еліміздегі жастар мен балалардың тәрбие саласында дамуының құқықтық кеңістігін  анықтау керек (стратегияны  анықтаудағы мемлекеттің юрисдикциясы, тәрбие беру жүйесі және принциптері; тәрбие беру кеңістігінің шегі және оның субъектісі; отбасылық және қоғамдық тәрбие беру теңгерімі; діни және зайырлы тәрбиенің қарым-қатынасы; тәрбие беру процесін сараптау және бақылау; өскелең ұрпақ тәрбиесінің  бағдарламасын жүзеге асыру және өңделген өкілеттіліктің шектелуі және т.б.). Жастар және балаларды азаматтық тәрбиелеу бағытын заң жүзінде анықтау маңызы,  оларды болашағына залал тигізетін ақпараттар ағымынан  қорғау.

            Осыған байланысты  жастар және балалар тәрбиесіндегі жаңа құқықтық тұжырымды мақсатқа сай қалыптастыру қажет. Осы тұжырым негізінде Қазақстандағы  өскелең ұрпақ тәрбиесін заңдылық негізінде жасау қарастырылады.

      Қазақстан Республикасының Конституциясының ережесіне сәйкес түрлі білім беру мекемелеріндегі тәрбие әрекеттерінің артықшылықтарын көрсету керек, осы аймақтағы құқықтық білімнің кең көлемде таралуын қамтамасыз ету қажет.

6.2. Ғылыми қамсыздандырылуы

                Жоспарды қамтамасыз ету және зерттеу кешені Қазақстан жастары мен балаларын тәрбиелеуде жүйелі талдауды қарастырады, Қазақстаның ғылым және білім министрлігі қызметінің концепциясын құру, түрлі жүзеге асырылу деңгейіндегі тәрбие үрдістерінің жаңа заманғы кешенді технологиясы мен механизмін жасау, еліміздегі тәрбие жүйесінің даму мониторингісі, талапқа сәйкес ақпараттық жүйенің құрылуы. Білім алушылар аймағындағы стратегияның қалыптасуына бағытталған, іргелі зерттеулер мен қолданбалы өңдеулердің жүзеге асырылуы қарастырылады. Білім алушылардың тәрбие практикасының шынайы түрде жүйелі талдануы білім беру жүйесіндегі тәрбиенің дамуын қамтамасыз ететін зерттеу жұмыстарына бағытталады, оның аймақтық ерекшеліктері, жаңа заманғы тәрбие әрекеттерінің теориялық-әдістемелік негіздерін нығайтуы, әдістемелік қорын жетілдіру, Қазақстандағы білім және ғылым Министрлігі аясында өткізілетін зерттеулер сабақтастығы қамтамасыз етіледі.

Жоспарды жүзеге асыруды ғылыми қамтамасыз ету Қазақстандағы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдары және  мекемелерімен жүзеге асырылады.

6.3. Бағдарламалық - әдістемелік және ақпараттық қамсыздандырылу

Білім беру мекемелерінде  тәрбие жұмысы қызметінің сапасын арттыру  және оның дамуына   тәрбиені дамытудың нақты бағдарламаларын құру, оны ақпараттық - әдістемемен қамтамасыз ету қажет:

Іс – шараны орындаушылар байқау негізінде анықталады.

6.4. Басшы және педагогикалық кадрлармен жұмыс

Бағдарламаны жүзеге асырудағы атқарылатын жұмыстардың негізі –  балалар мен жастарды тәрбиелеудегі жаңа заманғы тәрбие міндеттерін шешу мәселесі білім беру жүйесіндегі мамандардың дайындығымен қамтамасыз етіледі.

Тәрбие қызметін ұйымдастыруда педагогикалық және басшы кадрларды дайындау елеулі өзгерістерді қажет етеді. Педагогикалық білім беру мекемелеріндегі психологиялық – педагогикалық білім беру сапасын жетілдіру, түрлі білім беру мекемелерінде сабақтан тыс қызметтерді ұйымдастырушылар мен  мамандарды жаңа заманғы әдістемелік бағдарламамен қамтамасыз ету, олардың дайындық жүйесін жетілдіру, қайта даярлау және біліктілігін арттыру.

6.5. Ведомствалық және қоғамдық серіктестермен өзара қарым – қатынас

Бағдарламаны орындаудағы жағдайдың бірі – балалар мен жастарды тәрбиелеу мәселесінде қоғамдық ұйымдар мен ведомствалардың арасындағы қарым – қатынасты қамтамасыз ету, білім беру мекемелеріндегі тәрбие практикасының тиімділігін көтеру.

Қарым – қатынасты нығайту міндеттерін шешуде ықпал етеді:

7. Тәрбие сапасын бағалау критерилері.

Тәрбие сапасы осы аймақтағы мақсат пен шынайы алынған нәтижелердің қарым – қатынасынан,  қоғам мен  жеке тұлғаның даму болашағын және арнайы сұранысқа сәйкестігінен көрінеді.

              Тәрбие сапасын бағалау келесі принциптердің ерекшеліктерімен көзге түседі: тәрбие нәтижесінің айрықша мінездемесі; тәрбиенің аяқталмауы, тәрбие нәтижесінде шұғыл мінездеменің пайда болуы;  қоғамдық ортаға сай тәрбиенің адамгершілікке бағытталуы, үздіксіз дамудағы нәтижелерін қарастыру.

Жас Қазақстандықтарды тәрбиелеудегі  сапа бағаларының критерилері жеке тұлғаның өсу динамикасына байланысты:

Педагогикалық тәрбие беру жүйесін ұйымдастырудағы сапаны бағалау критерилері:

Білім беру ұйымдарында тәрбие сапасын бағалау критерилері мыналар:

Жоғарыда аталған критерилер тәрбие үрдісіндегі сапа көрсеткіштерінің қатарын анықтау базасы, сонымен қатар тәрбие субъектісінің сапалық бағасының тәртібін құру болып табылады. Тәрбие сапасын бағалау критерилері тәрбие беруді басқарудың негізгі қызметтерінің тиімді жүзеге асырылуына бағытталады: тәрбие беруді жоспарлау, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, педагог – тәрбиешілердің қызметін бақылау және негіздеу.

 

 

8. Тәрбие жұмысын жүзеге асыруда күтілетін нәтижелер

Қазақстанның білім беру жүйесіндегі 2013-2020 жылдарға арналған тәрбиені дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуы қоғамдық келісім негізінде түрлі білім беру мекемелерінде тәрбиенің беделін арттыруды қамтамасыз етеді.

  1. Қазақстанның білім беру жүйесіндегі өзара байланысты екі құрамдас бөліктердің, яғни оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі, білім беру үрдісінде тәрбие басымдылығына жағдай жасау;
  2. Тәрбиелеудің нормативтік – құқықтық  және бағдарламалық - әдістемелік базасын жетілдіру
  3. Білім беру институттарының басқа қоғамдық субъектілермен әлеуметтік серіктестігін нығайту және тәрбиені мемлекеттік – қоғамдық тұрғыда басқаруды жетілдіру;
  4. Тәрбие сапасының мониторинг жүйесінің құру;
  5. Облыстық және қалалық эксперименталдық алаңдар базасында тәрбие практикасы мен ғылымның  өзара әрекетінің институализациясы
  6. Тәрбиелеу қызметінің мазмұны, түрлері мен тәсілдерін жаңарту, жас қазақстандықтардың қалыптасуында  өзін -  өзі бағалаудағы мәдени құндылықтар және азаматтық әрекет әлеуетімен жүргізілетін жұмыстардың технологиясын  тарату.
  7. Тәрбие қызметін ұйымдастырушылардың жаңа қалыбын қалыптастыру, олардың әлеуметтік беделі мен кәсіптік құзырлығын көтеру
  8. Білім беру ұйымдарында балалар  мен ересектер қауымдастықтарын  ұйымдастыру, соның негізінде адамгершілік тәрбие жүйесін қалыптастыру
  9. БҰҰ–ның «Бала құқықтарының Конвенциясы», Қазақстан Конституциясының құндылықтар нормалары, «Білім туралы» Заңының, ғылыми зерттеулер мен жаңашыл педагогтардың тәжірибелік дамуының негізінде тұлғаның, отбасы мүшесінің рухани - адамгершілік қасиеттерінің, жетекші педагогтардың ғылыми зерттеулерінің нәтижесінің айқындалуы.

Осы нәтижелердің жетістігі тәрбие тиімділігінің мынадай көріністерін айқындайды:

Тұлғалық - жас қазақстандықтардың коммуникативтік, әдептік, әлеуметтік, азаматтық құзыреттіліктерін қалыптастыру; олардың әлеуметтік - мәдени идентификациясының қалыптасуы,  жоғарғы, әлеуметтік - пайдалы қызмет түрлерін меңгеруі;

                     Әлеуметтік - республика тұрғындарының әлеуметтік және рухани бірігуі, жіктелу  тәуекелінің төмендеуі, азаматтық қоғам институттарының дамуы, түрлі  ұрпақ өкілдерінің, әлеуметтік топтар, діни және ұлттық мәдениет өкілдерінің бір – біріне сенімі мен құрмет көрсетуінің әлеуметтік қағидаларын тарату, жеке тұлғаның әлеуметтік бейімделгіштігін көтеру, қоғам мен мемлекет және жеке тұлғаның бәсекелестігінің  өсуі.

     

2019-2020 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының

ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫ

Атауы

Орындау мерзімі

Орындауға жауаптылар

1

           Ұйымдастыру бөлімі                                         2

3

4

 

     -  2019-2020 оқу жылына оқу топтарына топ кураторларын бекіту.

    - кураторлардың міндеттерін белгілеу

   - студенттердің міндеттері

28 тамыз

Орындаушы

 ТІЖО

  1. Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық  тәрбиелеу

 

Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты тұлғаның саяси ,құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін;балалар мен жастардың құқықтық санасын,оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.

Міндеттері:

Отанға,мемлекеттік құрылысқа,мемлекеттік саясатқа,мемлекеттік идеологияға:

  • ҚР Конституциясы мен заңнамасына,мемлекеттік рәміздерге (елтаңба,әнұран,ту),құқықтық тәртіпке;11 елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімге,халықтар достығына;өз елінің экономикалық және әлеуметтік-мәдени  даму саласындағы  жетістіктеріне;
  • Басқа адамның құндылықтарына,құқықтары мен бостандығына;
  • Өз өлкесінің (ауыл,қала,шағын аудан табиғатына,мәдени-тарихи өміріне;
  • Құқықтық білімге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқына;
  • Заң талаптарына,құқықтары мен міндеттеріне;әлеуметтік құндылықтарға құрметпен қарау,мақтаныш сезімін және жауапкершілік таныту.

1.

Мемлекеттік нышандарды құрметтеу («Ту, Елтаңба, Гимн») олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібін насихаттау,сонымен қатар нысаны,өлшемдері және техникалық талаптарын орындау.

  •  Студенттердің өзін-өзі басқаруы,қоғамдық ұйымдар мен әр түрлі іс-шараларға қатысуы.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ұлттық мерекелері :

  • Қазақстан Республикасының  Конституция күні
  • Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті күні
  • Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні
  • Жаңа жыл
  • Рождество
  • Халықаралық әйелдер күні
  • Наурыз мейрамы
  • Қазақстан халқының бірлігі күні
  • Отан қорғаушы күні
  • Жеңіс күні
  • Астана күні

Кәсіптік және өзге де мерекелер:

  • ҚР Коститутциясы күні
  • Білім күні
  • Отбасы күні
  • ҚР халықтарының тілдері күні
  • Халықаралық қарттар күні
  • Мұғалім күні
  • Дүниежүзілік пошта күні
  • Ұлттық валюта күні
  • Халықаралық студенттер күні
  • Спидпен дүниежүзілік күрес күні
  • Энергетик күні
  • Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын еске алу күні
  • Халықаралық балаларды қорғау күні
  • Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері күні
  • Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні

жыл бойы

 

 

 

 

 

30 тамыз

1желтоқсан

16-17желтоқсан

1-2 қаңтар

7 қаңтар

8 наурыз

22 наурыз

1 мамыр

7 мамыр

9 мамыр

6 шілде

 

30 тамыз

1 қыркуйек

Қыркүйектің екінші жексенбісі

22 қыркүйек

1 қазан

5 қазан

9 қазан

15 қараша

17 қараша

1 желтоқсан

15 желтоқсан

31 мамыр

1 маусым

4 маусым

17 мамыр

 

әкімшілік

тарих пәннің оқытушылары

топ жетекшілері

АӘД оқытушы-ұйымдастырушы

жастар комитеті

жатақхана тәрбиешісі

дене тәрбиесінің жетекшісі

әлеуметтік педагог

оқытушылар

колледж қызметкерлері

 

 

 

 

 

 

 

әкімшілік

тарих пәннің оқытушылары

топ жетекшілері

АӘД оқытушы-ұйымдастырушы

жастар комитеті

жатақхана қызметкерлері

дене тәрбиесінің жетекшісі

әлеуметтік педагог

оқытушылар

колледж қызметкерлері

 

2.

  • әлеуметтік тәжірибелер, студенттердің әлеуметтік жобаларын жүзеге асыру, жалпы адамгершілік құндылықтарды бағдарлау, адамгершіліктің және имандылықтың көрінісі;

қыркүйек

ТІЖО

әлеуметтік педагог

психолог

топ жетекшілері

 

3.

  • студенттерге мәдени рухани тәрбие беру мақсатында, мәдени орындарға, театрға, филармонияға концерттерге, тарихи – өлкетану мұражайларға бару,оларға  адам туып – өскен  жеріне бауыр басу сезімін қалыптастыру (туристік саяхаттар, туған жерді аралау, мұражайларға саяхат жасау)

жыл бойы

әкімшілік

тарих пәннің оқытушылары

топ жетекшілері

оқытушылар

АӘД жетекшісі

КДМ

әлеуметтік  педагог

жатақхана тәрбиешісі

4.

  • жастарда  деструктивті мінез – құлықтың  алдын-алу іс – шаралары; (топ студенттерімен,жеке студенттермен,ата-аналармен жұмыстар жүргізу)

жыл бойы

психолог

әлеуметтік педагог

КДМ

топ жетекшілері

жатақхана тәрбиешісі

5.

  • кітапхана қорын толықтыру (оқу-әдістемелік оқулықтар,пән оқулықтары және әдеби кітаптармен және  т.б) ;

жыл бойы

кітапханашы

топ кураторлары

6.

  • Тәртіптік кеңес отырысының жоспарын құру.

қыркүйек

ТІЖО

7.

  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 27 жыл толуына байланысты шаралар өткізу.

жыл бойы

АӘД жетекшісі

топ жетекшілері

КДМ

8.

  • Қоғам қайраткерлері – жерлестеріміздің өмірі және шығармашылығы туралы зерттеу;

жыл бойы

топ жетекшілері

тарих және қазақ-орыс тілдері оқытушылары

9.

  • жарыстар,байқаулар, әскери-патриоттық  ойындар  және шығармашылық кештер:ҚР Тәуелсіздігіне орай  («Ал, қанеки, жігіттер!», «Біздің мақтанышымыз!», «Мен – Қазақстан Республикасының азаматымын», «Менің жетістіктерім» және басқа да шаралар)

жыл бойы

тарих пән оқытушылары

топ жетекшілері

АӘД жетекшісі

10.

  • Спорттық іс – шаралар:

спорттық секциялар (спорттың бірнеше түрінен);

  • әскери патриоттық клубы;
  • әскер қатарынан оралғандармен кездесулер.
  • ауған соғысының ардагерлермен кездесу

жыл бойы

 

 

қаңтар-мамыр

 

топ жетекшілері

дене шынықтыру және АӘД пәннің оқытушылары

КДМ

жатақхана тәрбиешісі

11.

  • Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын атап өту.Ұлы Отан соғысымен тыл ардагерлерімен кездесу кайырымдылық көмек көрсету

қаңтар-мамыр айлары

ТІЖО

Жастар іс жөніндегі Комитеті топ жетекшілері

АӘД жетекшісі

12.

  • Қазақстан Республикасының мерекелеріне орай қабырға газеттерін шығару және суреттер байқауын өткізу.

жыл бойы

АӘД жетекшісі

КДМ

топ жетекшілері

дене тәрбиесі жетекшілері

13.

  • Колледж студенттер  арасында «Мергендер» сайысын өткізу

қазан-ақпан

АӘД жетекшісі

14.

-Жастар мен жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін  жоғарлату үшін дебат іс-шараларына қолдау көрсету («Байланысшы» пікірталас клубының жұмысы)

жыл бойы

тарих, қазақ тілі пәндерінің оқытушылары

15.

- Жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты азайту  мақсатында рейдтер ұйымдастыру, өткізу;

жыл бойы

ТІЖО, учаскелік инспектор, топ жетекшілері

16.

- Жемқорлыққа қарсы күреске байланысты іс – шараларға жастарды қатыстыру, ұйымдастырып өткізу;

Адал ұрпақ еріктілер тобын құру.

жыл бойы

ТІЖО

Жастар ісі комитеті

 

 

17.

- «Адаптациялық кезеңде топ студенттерінің ұжым ретінде қалыптасуы»  (топ кураторлары, әдеуметтік педагог үшін семинар – практикумы;

қазан

топ жетекшілері

психолог

18.

-Студенттерге психолого-педагогикалық көмек (психологтың консультациясы);

жыл бойы

психолог

19.

- Учаскелік  инспектормен  кәмелет жасына толмағандар арасында құқық бұзушылықтың  алдын – алу кеңестері;

жыл бойы

ТІЖО

 

20.

-Бала тәрбиесінен бас тартқан және сәтсіз  отбасыларын анықтау;

жыл бойы

әлеуметтік педагог, психолог

топ жетекшілері

21.

Ата – аналар жиналысы:

-«Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық» туралы

- студенттердің оқу процесімен тәртібі, оқу формасы және т.б

тоқсан сайын

 

әкімшілік,топ жетекшілері,КДМ,психолог,әлеуметтік педагог, учаскелік инспекторы,топ жетекшілері

22.

Кәмелеттік жасқа толмаған студенттермен жеке жұмыстар жүргізу

жыл бойы

ТІЖО, психолог

топ жетекшілері

23.

Колледждің ішкі тәртіп ережесін студенттерге таныстырып, танысқаны жөнінде қол койдыру.

қыркүйек

ТІЖО

топ жетекшілері

24.

-«СПИД және ВИЧ –инфекцияларын  алдын-алу» тақырыбында мамандарды шақырып кездесу өткізу

Желтоқсан

топ жетекшілері

Медбике

25.

Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын – алу  мақсатында ішкі істер қызметкерлерімен және  үкіметтік емес  ұйымдардың өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру.

жыл бойы

ТІЖО

топ жетекшілері

психолог

26.

Тәртіп сақшыларының жұмысын кешенді жүзеге асыру

жыл бойы

ТІЖО , АӘД пәні жетекшісі

топ жетекшілері

27.

Топ жетекшілері!  іс – шаралардың  тақырыптарын өздеріңіздің тәрбие жоспарларыңызға сәйкес таңдайсыздар!

Менің Отаным- Қазақстан.Өз құқығынды білгенің- дұрыс өмір сүргенің.

Туым-теңдігім, Елтаңбам-елдігім, Әнұраным-айбыным

жыл бойы

Топ жетекшілері

2. Отбасылық тәрбие

 

Мақсаты: қоғамдағы отбасының ролін жоғарлату, жастар арасында отбасы құндылықтары мен салт – дәстүрлерін, аналық , әкелік  рольдерді кең көлемде насихаттау және отбасылық тәрбиені білім жүйесіне үздіксіз іс әрекет ретінде енгізу

Міндеттері :

  • отбасылық тәрбиенің дәстүрлерін күшейту және жақсы ұлттық отбасылық салт – дәстүрлерді қамтамасыз ету;  
  • жастарға өмірде адамгершілік таңдауды және шешімді қабылдауды үйрету;
  • жастарда күнделікті  отбасылық мәдени қарым – қатынастың әдістерін қалыптастыру;
  • отбасында жақсы психологиялық  хал – ахуалдың қалыптасуына ықпал ету;
  • колледж, отбасы және қоғам арасында үйлесімділік қарым – қатынасын орнату, балаларда және жастарда  рухани – адамгершілік тәрбиені ерікті іс –әрекеттік мінез – құлықты қамтамасыз етеді;

1.

  • отбасылық құндылықтарды насихаттайтын әдебиеттер қорын кітапханаға жинақтау;

жыл бойы

кітапханашы

2.

  • қолайлы, оң отбасының үлгісін насихаттау: теле бағдарламаларды, бейне фильмдер, әлеуметтік роликтерді;

жыл бойы

топ жетекшілері

3.

  • Қамқоршылық кеңесін құру, кездесулер өткізу

жыл бойы

Әкімшілік, әлеуметтік педагог

ТІЖО, ата-аналар комитеті

4.

  • Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттермен жеке жұмыс;

жыл бойы

әлеуметтік педагог, психолог

топ жетекшілері

5.

              -   Семестр қорытындысымен ата – аналар            жиналысын ұйымдастыру

 Қараша , сәуір

Әкімшілік, ТІЖО

топ жетекшілері

 

Топ жетекшілеріне тәрбие сағаттар тақырыбы:

Отбасы бақыты.

«Колледж аруы» байқауы.

Ана- өмірдің гүлі.

Әр отбасы – бір әлем.

Әке - отбасы діңгегі.

 Қарияларды қадірлейік.

жыл бой

 

 

 

топ кураторлары

 

  1. Рухани – танымдық  тәрбие

 

Мақсаты: жастарда рухани – адамгершілік сананы және айналадағы адамдармен мәдени – тарихи құндылықтарды (әдет – ғұрып, салт – дәстүрлер, рухани – адамгершілік көркем мазмұнды және т.б.) көп ұлтты Қазақстан халқында қалыптастыру.

Міндеттері:

  • оқушыларға пікірді өңдеуге көмектесу, оны ойлауға, өмірді бағалай білуге және рухани – адамгершіліктің мағыналарын түсінуге;
  • тәрбиеленушіні рухани – адамгершілікке жеке тұлға ретінде дайындалуға қолдау көрсету, тез аяқ астынан өзгеретін жағдайлардан өтуді қолдау;
  • адам туралы, біртұтас әлемнің көрінісін қалыптастырып, жағдай жасауды қамтамасыз ету;
  • шабыт беру, жеке тұлғаны өзін – өзі тәрбиелеуге ұмтылу, адамгершілікті жоғарлату және рухани даму: ұят, жакындарына деген  сүйіспеншілік, әлсіздерге, науқас адамдарға  көмек беруге дайын тұру және т.б.;
  • күнде барлық оқу – тәрбие процесінде оқушыларға жан – жақты күш беру;

1.

  • Бірыңғай мәдени – ақпараттық ортаның құрылуы; топ белсенділерін сайлау, секторлар міндеттерін бөлу

қыркүйек

топ жетекшілері

2.

  • Қосымша білім беру мекемелерін, жастардың қызығушылық мақсаттарына байланысты үйірмелерді кеңейтіп ұйымдастыру

қыркүйек

ТІЖО

Жастар ісі жөніндегі Комитеті

үйірме жетекшілері

3.

  • Психолого-педагогикалық және кеңес беру  орталықтарының жұмысы

жыл бойы

ТІЖО, әлеуметтік педагог

психолог

4.

  • Жарыстар, байқаулар, көріністер және қамқоршылық акциялары: тақырыптарды топ жетекшілері өздері таңдайды;

жыл бойы

топ жетекшілері

жастар ісі жөніндегі Комитеті

тіл пәндері оқытушылары

5.

  • Пайдалы істерді орындау, қамқорлық, қайырымдылық іс – әрекеттері, қарттарға көмек көрсету жұмысын  ұйымдастыру

қазан

жыл бойы

ТІЖО, Жастар іс жөніндегі Комитеті, топ жетекшілері

6.

  • Көркем – эстетикалық тәрбиені пайдалануға мүмкіндік алу (кітаптар, музей, кескіндеме және т.б. – барлық бұрынғы және қазіргіні көрсету).

жыл бойы

топ жетекшілері

7.

  • Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл
  • Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 130 жыл
  • Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың туғанына 120 жыл  рухани танымдық бағытта тәрбие  сағаттары, колледж ішілік іш-шаралар өткізілді.

жыл бойы

ТІЖО, топ жетекшілері, ЖКТ

 

Топ жетекшілеріне ұсынылған тақырыптар:

  1.  «Рухани құндылық – адам жанының алтын арқауы»

                2.«Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты»

   3.«Ұрпаққа берген ұлағатты тәрбие – Мәңгілік  елдің кепілі»

жыл бойы

топ жетекшілер

4. Көпмәдениетті және көркем- эстетикалық тәрбие

 

Мақсаты: жалпы адами қасиеттердің негізінде көпмәдени тұлғаны қалыптастыру, оның ішінде өзара түсіністік, татулық,  сыйластық,  толеранттық, қоршаған ортамен өнімді қызмет ету секілді қасиеттер арқылы (өмір сүруге көмек беру, өз-өзіне, айналаға, бүкіл әлемге құрметпен қарау).

Міндеті: ұлтаралық келісім мен толеранттықты нығайту үшін іс – шаралар кешенін қамтамасыз ету.

1.

-Қазақстан халықтары Ассамблеясының нәтижелі жұмыстарын насихаттау және тарату;

жыл бойы

топ жетекшілері

2.

- Жастар арасында қазақстандық этносаралық келісім моделін түсіндіру және толеранттық құндылықтарды насихаттау;

жыл бойы

топ жетекшілері

3.

-Қазақстандық этностардың өзіндік тұрмысы мен дәстүрін, мәдениетін насихаттау;

кесте бойынша

топ жетекшілері

КДМ

4.

Ақын Мұқағали Мақатаевтың өлендеріне арналған поэзиялық кешін ұйымдастыру;

жыл бойы

ТІЖО, Топ жетекшілері, ЖКТ, тіл мамандары

5

Өзге ұлт өкілдері арасында «Абай оқулары» байқауын ұйымдастыру;

 

 

6.

Облыстық  көлемде өтетін ісшараларға қатысу;

жыл бойы

КДМ

7.

2019 Жастар жылына байланысты  іс-шаралар өткізу

жыл бойы

ТІЖО, Топ жетекшілері, ЖКТ

8.

Колледжде өзге ұлт өкілдеріне  «латын әліпбиімен» таныстыру. Түрлі тақырыпта диктант жаздыру.

жыл бойы

топ жетекшілер

9.

Колледждің жарнамалық және безендірілген қабырға жазуларын латын әліпбиіне көшіріп,  ауыстыру.

жыл бойы

Әкімшілік, оқытушылар

 

Топ жетекшілеріне ұсынылған тақырыптар:

1.Адам бойындағы асыл қасиеттер.

2. Үштілділік тұғыры.

3. Қазақстан- көп ұлттардың мекені

4. Өзге ұлттардың ақын-жазушыларына арналған іс-шаралар ұйымдастыру. ( А.С.Пушкин, Т. Шевченко т.б.)

 

жыл бойы

топ жетекшілер

5. Ұлттық тәрбие.

 

Мақсаты: Қоршаған ортаны, өзін – өзі оңтайлы қабылдай алатын өскелең ұрпақты тәрбиелеу, тың идеяларға бастап, мүмкіндіктерді байқату.

Міндеті:

-адамның рухани негізі болып саналатын еңбекке деген адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.

-жасөспірімдерді еңбектенуге баулу, еңбектенудің барлық қыр-сырын меңгерту.

-ең жоғары моральдық қасиеттерді тәрбиелеу: еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, іскерлік, мақсат қойғыштыққа  тәрбиелеу;

-Ұйымдастырушылық қасиеттерді дамыту: жұмыс барысында ұжыммен жұмыс істеу қабілеті, өзара түсіністікті және өзара көмек беруді дамыту мақсатында жарыстыру;

1.

- Колледж аумағын оқу  топтарына бөліп, көгалдандырып, сенбіліктерді ұйымдастыру.

жыл бойы

ТІЖО,  кәсіподақ комитеті топ кураторлары, ұжым

2.

Колледж аумағына көшеттер отырғызу.

қазан-сәуір

КДМ, кәсіподақ

 

3.

-жасөспірімдердің және жастардың ұйымдарында көшбасшылық қабілетті шыңдау, жастардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру бағытында іс – шаралар өткізу.

жыл бойы

КДМ

«Жас Отан» ЖҚ бірлесе отырып

 

4.

- Конкурстық негізде  көшбасшылық қасиетті дамытатын, оңтайлы қабылдауды қалыптастыратын, психологтың имиджін көтеретін  дамыту бағдарламасын құрастыру  және енгізу.

ақпанға дейін

КДМ

 

5.

Жастар арасында аула клубының қызметін насихаттау (қызығушылығына қарай клубтар ашу)

жыл бойы

КДМ, дене тәрбиешісі, АӘД жетекшілері.

 

 

Топ жетекшілеріне ұсынылған тақырыптар:

1.Ата-баба дәстүрі- ұрпаққа өнеге

2.Ұлттық ойын-халық мұрасы.

3. Наурыз- жыл басы.

4.Қазақтың салт-дәстүрлеріндегі ұлттық тәрбие.

жыл бойы

топ жетекшілер

6. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

 

Мақсаты: экологиялық және еңбек мәдениетін қалыптастыру, әлемді тану, экологиялық және еңбек сауаттылығын жоғарылату, өмірдің  ең маңызды  саласы ретінде еңбекке баулу, жеңістерге қол жеткізуде еңбектің маңызын түсіндіру.

Міндеттері:

- жеке тұлғаның рухани бейнесінің көрінісі жалпы адами құндылықтар негізінде еңбекке деген қарым-қатынасын  қалыптастыру;

- жасөспірімдерді еңбекке баулу және еңбектің әдіс-тәсілдерін үйрету;

-өмірдің басты құндылықтарының бірі ретінде еңбекке деген оңтайлы қарым-қатынасты қалыптастыру, шығаршашылықпен жұмыс жасауға бағыттау;

-жоғары моральдық қасиеттерді тәрбиелеу: еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, іскерлікке, ептілікке тәрбиелеу;

- тұлғаның өзін кәсіби жағынан саналы қарым-қатынасын қалыптастыру;

-еңбек барысында түрлі еңбек ету шарттары мен тәжірибелерімен қарулану;

1.

-Студенттерге  оқу еңбектерін ұйымдастыру негіздерімен, кітапхана жұмысы ережесімен таныстыру

қыркүйек

ТІЖО,  топ жетекшілері, кітапханашы

2.

-ҚР Тәуелсіздігіне  арналған  «Жасыл экономика» акциясын қолдау мақсатында сенбіліктерді ұйымдастыру

қыркүйек-желтоқсан

КДМ, топ жетекшілері

3.

Кәсіптік тақырыпта әңгіме ұйымдастыру: «Еңбексіз – өмір жоқ», «Еңбекпен  адамның көркеюі», «Атақ абыройға әкелер жол - еңбек», «Еңбек бақыттың бір шарты»

жыл бойы

топ жетекшілері

4.

Еңбек ардагерлерімен, колледж түлектерімен, байланыс мекемесі қызметкерлерімен кездесулер өткізу

жыл бойы

ТІЖО,  топ жетекшілері

пән оқытушылары

5.

Жатақхана студенттерін еңбекке  баулу, тұрмысын жағдайларын жақсарту  және демалысын ұйымдастыру

жыл бойы

ТІЖО, жатақхана тәрбиешісі,комендант

6.

Жатақхана студенттерімен сенбілікке шығу,көшеттер отырғызу

жыл бойы

топ жетекшілері

 

Топ жетекшілеріне ұсынылған тақырыптар:

1. «Адам-қоғам-табиғат»

2. Еліміздегі экологиялық апаттар салдары.

3. Білім мен еңбек егіз.

4.Қазақстан экономикасының бүгінгі ахуалы.

жыл бойы

топ жетекшілер

7. Зияткерлік тәрбие,ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу

 

Мақсаты:  кәсіби қызметті тиімді  басқару мен дамуы арқылы елімізде ұлттық зияткерліктің қалыптасуына жағдай жасау. Ақпараттық мәдениетті дамыту.

Міндеттері:

  • Әр тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық дарындылығын дамыту;
  • Білім алуға құнды тәрбие беру, білім алушының танымдық белсенділігін арттыру;
  • Оқу қызметіне оң дәлел беру;
  • Ғылым мен техника жетістіктеріне жақындасу, танымдық қызығушылығы мен қабілеттілігін дамытуға ұмтылу;
  • Интернет қауымдастығына қосылу,  ақпараттық байланыс жасау;

1.

Ғылыми-практикалық конференция, шығармашылық жұмыстарды қорғау, викторина, брейн-ринг өткізу және тақырыптық газеттер шығару

жыл бойы

әдіскерлер,

топ жетекшілері

2.

Семинарлар, конференциялар, турнирлер, слеттер, жиналыстар, «Зияткерлік экстрим», «Зияткер» байқаулары

жыл бойы

топ жетекшілері

3

Колледждегі өткізілген іс-шараларды колледж сайтына жариялау. Әр апта сайын сайтты жаңарту.

жыл бойы

АЖДО

4.

Колледжде өткізілген топтардың барлық іс- шараларын дер кезінде сайтқа жариялап отыру

жыл бойы

топ жетекшілері

4.

Интернет желісіндегі ұйымдастырылған байқауларға студенттерді қашықтықтан қатыстыру.

жыл бойы

Колледж оқытушылары

5.

«Жас Отан- жастар қанатына» студенттерді тарту, лидерлік сапасын дамыту

жыл бойы

КДМ

 «Жас Отан» ЖҚ бірлесе отырып

 

Топ жетекшілеріне ұсынылған тақырыптар:

  1. Әлемдік ғаламтор желісінде
  2. Интернеттің пайдасы мен зияны
  3. Әлем кеңістігін шарлаған өзекті ақпараттар

        жыл бойы

топ жетекшілері

8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

 

Мақсаты: Қазақстан Республикасының  жасөспірімдеріне салауатты өмір салтын енгізуде кешенді, үздіксіз және орнықты  жүйесін таңдау.

Міндеттері:

  • Спорттық шаралар арқылы студенттердің денсаулығын нығайту.
  • Зиянды әдеттерден арылу мақсатында тәрбиелік шаралар өткізу.
  • Салауатты өмір салты бойынша тағылымдық акциялар, марафондар ұйымдастыру.

1.

Салауатты өмір салтына байланысты бейнероликтерді пайдалану

жыл бойы

топ жетекшілері

2.

Спорттың барлық түрінен колледжішілік жарыстар өткізу

бекітілген кесте бойынша

дене шынықтыру пәннің оқытушылары

3.

Спорт секцияларына аз қамтылған отбасы балалары мен жетім балалардың қатысуын қамтамасыз ету

жыл бойы

топ жетекшілері

ден шынықтыру пәнінің оқытушылары

медбике

жатақхан тәрбиешісі

4.

Студенттермен дене шынықтыру-салауатты жұмыстарын ұйымдастыру:

Барлық топпен тиімді толық денсаулық жұмысын өткізу;

Спорттық секциялар жұмысын жүргізу;

Тиімді шынығу жүйесі;

Рационды тағамдануды қамтамасыз ету.

жыл бойы

топ жетекшілері

дене шынықтыру пәннің оқытушылары

медбике

5.

Халықаралық,республикалық, облыстық,қалалық және колледжішілік іс-шараларға қатысып, белгілі бір нәтижелерге жету жұмыстарын студенттер арасында ұйымдастыру.

 

жыл бойы

ТІЖО

дене шынықтыру пәннің оқытушылары

топ жетекшілері

медбике

6.

-Оқытушылар мен  арнайы мамандар және ата-аналар арасында ағартушылық және әдістемелік күндерін арнау:

ҚР денсаулық сақтау аясы бойынша нормативтік-құқықтық актілер;

Жасөспірімдер мен ата-аналарына құқықтық және психологиялық кеңес беру;

Біріккен спорттық жарыстар, зиянды заттардың алдын алуға іс-шаралар;

Студенттердің денсаулық жағдайын қадағалау және алдын-алу:

Дәрігердің айтқанын орындау, дәрумен қабылдау;

Диспансерлік тексеруден, медициналыққараудан өткеннен кейінгі дәрігердің айтқанын бұлжытпай орындау, уақытында анализ тапсыру, сау баланың картасын жүргізу;

Студенттерге кешенді педагогикалық, психологиялық жәрдем шығару, стресс психогигиеналық, психопрофилактикалық құралдар мен әдістер қолдану.

жыл бойы

ТІЖО,СӨҚ мамандары

дене шынықтыру пәннің оқытушылары

психолог

медбике

топ жетекшілері

7.

Оқытушылар мен студенттер арасында әскери спорттық шаралар ұйымдастыру

жыл бойы

кәсіподақ ұйымы,

КДМ,дене тәрбиесінің оқытушылары,

колледж ұжымы

             

 Директордың  тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары:                                   М.С. Канбаев