Борьба с коррупцией

Борьба с коррупцией

Жемқорлықсыз болашақ – Қазақстан!

        Ақтөбе облысы әкімінің Б.М.Сапарбаевтың 2018 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы  мәдениетті қалыптастырудың кешенді жоспарының «Үгіт» жобасын жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе байланыс және электротехника колледжінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.С.Қанбаевтың ұйымдастыруымен 7 желтоқсан күні сағат 10 00 де студенттермен  тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатына тарих және құқықтану пәндерінің оқытушылары мен 85 студент  қатынасты. Тәрбие сағатында тарих және құқық пәнінің оқытушысы С.Аккалиев  «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?» «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заң» тақырыбында баяндама оқыды. Тәрбие сағаты кезінде студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Қосымшаға суреттер есебі тіркелді.

  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу - мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі

        Жас ұрпақтың бойына сіңірген парасыз өмір сүруді  және  дамыған жасампаз елдің заманын туғызуды әлі де болса насихаттап, елдің болашағын ойлайтын кез келіп жетті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің басталғанына да қанша уақыт өтті. Жас ұрпақ өкілдері мемлекетіміздің өсуіне кедергі келтіретін, қауіпті аурумен күресуге міндетті және бұған қарсы тұра алады. Дегенмен, әлемдегі осы бір дерттің өршуі азаяр емес. Осы мақсатта Ақтөбе байланыс және электротехника колледжінде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты дөңгелек үстелдер, сырттай шығармалар байқауы өтті.  Колледжішілік өткен шығармалар байқауында жеңімпаз атанған ІІ курс студенті Демежанов Темірлан қыркүйек айында Ақтөбе облыстық ғылым-тәжірибелік  орталығы ұйымдастырған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыруда өскелең ұрпақтың маңызы» атты сырттай шығармалар байқауына  қатысып, сертификат алды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің ең ауқымды да тиімді жолдары–мемлекет тарапынан Заң аясында өзгерістер мен толықтыруларды қайта қарап, тағы да енгізіп, жазалау мен қолданылатын шара түрін қатайту. Болашақ ұрпақты өсіруде балабақшалар мен мектеп табалдырығынан бастап тәлім-тәрбие көзінен бастау алу керек. Қоғамдағы барлық мекемелерде заң аясы күшейтіліп, қатаң бақылануы тиіс. Жемқорлық – әлемді жайлаған індет. Сыбайлас жемқорлық түсінігі пара беруді, өзінің қызметтік дәрежесінің лауазымды тұлғасын жеке баю мақсатында тікелей пайдалану деген мағынаны береді. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің тарихы 1992 жылдың басынан басталды. Сыбайлас жемқорлықты жою, алдын-алу мақсатында елімізде іс-қимыл шаралары жүргізілуде. Атап айтсам, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы толыққанды түсінік қалыптастырып, оған төзбестік ахуалын, жағдайын жасау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау, жолын кесу, ашу, тергеп-тексеру міндеттерін жүргізу.

Қазақстан мемлекеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ел мойындаған нәтижелерге қол жеткізді, келеңсіз кейбір жағдайлардың орын алуына жол бермей де келді. Қазақстан ТМД елдерінің барысында алғашқылардың бірі болып осы келеңсіз құбылыспен күрестің мақсатын, міндеттерін, негізгі қағидаттары мен тетіктерін айқындаған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заңды қабылдады.

Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты тоқтаусыз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана Тәуелсіздігіміздің көшін алға жетелеп, Мәңгілік Елдің басты идеяларын, алға қойған биік мақсаттарына қол жеткізе аламыз. Жас ұрпақтың санасына  рухани білім азығын беріп, мәңгілік елдің түпкілікті мақсатын түсіндірсек, жастарымыз болашақты таразылай алатыны анық. Заман – жастардікі! Келешек  мәңгілік жердің иесі де -жастар!

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес -баршамызға ортақ іс

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақтөбе облысы бойынша департаменті