Учебно-методическая работа

Учебно-методическая работа

Ақтөбе байланыс және электротехника колледжінің  

оқытушылар мен студенттердің әдістемелік жұмысының жаңаруы жағдайындағы оқу орнының инновациялық қызметі жөнінде мәліметтер.

 

Әдістемелік жұмыстың тақырыбы:

 

 Мамандарды дайындау да жаңа инавациялық технологияларды 

пайдалану,модулльдік оқыту арқылы білім беру сапасын басқару жүйесіндегі колледж бен жұмыс беруші арасындағы кері байланыстарды орнату және кеңейту.Дуальды оқыту жүйесінде қабілетті,білікті маман даярлау, Цифрлық сауаттылық мүмкіндіктерді дамыту.

 

  Колледж саясатының мақсаты:мамандар даярлау сапасын қамтамасыз етуде оқытудың заманауи технологиялары арқылы оқу-тәрбие үдірісін жетілдіру, педагогикалық құрамның кәсіби әлуетін көтеру, еңбек нарығында сұранысқа ие ,бәсекеге қабілетті өз мамандығы бойынша кәсіби құзыреттілігі қалыптасқан мамандар даярлау,колледж қызыметінің барлық бағыттарын дамыту.

 

Міндеттері:

 

• Маман даярлауда оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру, жетілдіру        жөніндегі озық тәжірибелерді зерттеу, жинақтау және тарату;

• Педагогикалық кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

• Колледждегі оқу-әдістемелік жұмыстарды үйлестіру;

• Оқу үдерісіне жаңа және қолданыстағы технологиялар, әдістер, құралдар нысандарын енгізу, жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

 

• Аттестаттаудан өтетін педагог кадрлардың теориялық және әдістемелік деңгейлерін көтеру мақсатында әдістемелік көмек көрсету;

• Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында  дуалды оқыту жүйесінің тиімділігін зерделеу;

 

• Педагогтардың өздігінен білім алуын, олардың шығармашылық өсуін ұйымдастыру және  жетілдіру;

• Педагогтар мен студенттердің  зерттеушілік жұмысын ұйымдастыру және жетілдіру, конференцияларға, байқауларға, конкурстарға қатысуын қадағалау;

 

• Пәндік  циклдік комиссия  жұмысын ұйымдастыру;

• Жаңа технологияларды пайдалана отырып, өткізілетін сабақтар санын көбейту;

• Баспасөз беттеріне, әдістемелік сайттарға  оқытушылардың мақалаларын жариялауға бағыт бағдар беру.

 

 

Әдістемелік жұмысқа  қойылған мақсаттар мен міндеттеріне сәйкес қызметтің келесі бағыттары бойынша  жүзеге асырылады:

 

1. Колледждің әдістемелік қызметіне қатысу, облыстық, аймақтық және республикалық біліктілігін арттыру институттарында  өз білімін жетілдіру арқылы оқытушылардың біліктілігін арттыру.

2.  Оқу-әдістемелік кеңес

3.  Әдістемелік семинарлар

4.  Жас педагог мектебі жұмысы.

5.  Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау.

6.  Оқытушылардың инновациялық жұмыс тәжірибесін зерттеу, жинақтау және тарату.

7.  Педагогикалық шеберлік байқаулары.

8. Пәндік олимпиадалар.

9.  Ғылыми-тәжірибелік конференциялар (оқытушылар мен оқушылар бірлесе отырып)

10. Пәндік циклдік комиссия жұмысы. 

 

 

Білім беру - педагог пен оқушы, студент арасындағы қарым-қатынас процесі. Бұл процесс барысында  оқушы немесе студент оқу, тәбие, даму процестеріне жан-жақты белсенді қатысып педагогикалық қарым-қатынастың субъектісіне айналады. Білім беру барысында педагог пен оқушы арасында ғана емес, оқушылардың, студенттердің өзара біріккен әрекеттері де нығая түседі. Аталып отырған педагогикалық процесс көптеген білім беру құралдары (оқу, әдістемелік мәтіндер, көрнекілік құралдар, компьютерлер, аудио-видео кұралдар, т.б.) арқылы арнайы ұйымдастырылған (жеке, топтық, ұжымдық) түрде жүргізіледі. Білім беру процесі үнемі мақсатқа бағытталған және күтілетін нәтижелерге байланысты. Осы тұрғыдан білім беру процесін технологияландырылған процесс деп те сипаттауға болады, себебі педагогикалық технологияларда өзара сабақтасқан шағын және жалпы мақсаттарға жетудің нақты кезеңдері, сатылары анықталады.

             Білім беру процессі - мұғалімнен, оқытушыдан балаға, студентке ақпаратты жеткізу арнасы. Сондықтан казіргі кезде білім беру саласында ақпараттық технологиялар кең таралуда. Білім беру процессіндегі көптеген мәселелердің шешімдері табысты болуы педагогтың іс-әрекетіне тікелей тәуелді. Тіпті әрбір сабақтың өтілуі де мұғалімнің кәсіби-шығармашылық деңгейіне, талпынысына байланысты түрлі нәтиже көрсетеді. Мұғалімнің іс-әрекеті үздіксіз шығармашылық процесс. Ол балалармен үнемі ынтымақтастықта жұмыс істсуге әрекет жасайды. Осы бірлескен белсенді танымдык іс-әрекет барысында білім алушыларды табысқа жетуге бейімдей алу педагогикалық маңызы зор мәселе, себебі көп жағдайларда сабаққа қатысып отырған каншама оқушылар арасында кейбіреулері ғана жетістіктерге жетулері мүмкін.

 Білім беру иәтиже ретінде: сауаттылық - білімділік – кәсіби құзіреттілік - мәдениет - діл (менталитет). Білім берудің сапалық жағынан қарайтын болсақ ол тек құндылық, тек жүйе, тек процесс емес. Білім беруді нәтиже ретінде де қарастыруға болады. Оқу-танымдык процесс барысында әр адам білімнің бір сапалық деңгейіне жетеді, ол оның нақты бір көлемдегі білімді игеруінің нәтижесі. Бастауыш білім алу барысында адам сауаттылыққа ие болады.

Педагогикалық терминологиялық сөздікте «сауаттылық» ұғымы - ана тілінің грамматикалық нормаларына сай адамның оқу, жазу дагдысын меңгеру дәрежесі ретінде анықталады. Қоғам дамуындағы тарихи кезеңдерге банланысты бұл ұғымның мағынасы қарапайым оқу, жазу, есептеу дағдыларынан бастап, қоғамдық қажетті білімдер мен дағдыларды меңгеру деңгейіне дейін өзгеріп отыр.

Әдістемелік жұмыс оқытушылардың кәсіби шеберлігін шыңдап, жоғары деңгейге жетуін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейтін колледждің оқу - әдістемелік қызметі ҚР «Білім туралы» Заңына, «Тілдер  туралы» Заңына, БжҒМ нормативті құжаттарына, Мемлекеттік жалпы білім беру  стандартына  және  Үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес іске асады.  Педагогикалық қызметтің нәтижелілігі мен тиімділігі бірінші кезекте оқытушылар ұжымының шығармашылығы мен біліктілігіне, оқу үдерісінің әдістемелік қамсыздандырылуына  байланысты. Осы бағытта Ақтөбе байланыс және электротехника колледжінің әдістемелік жұмыстарының нәтижелері Арнайы пән оқытушысы-Темірмуханова Г.А..«Оқу  үрдісінде сыни тұрғыдан  ойлау» технологиясының әдістемесін қолданып өткізген  ашық сабағында   колледж  жас мамандары   тәжірибе жинақтауда. Сабақ барысында «Электрожабдықтар полигон алаңында» трансформатор құрылысымен таныстыру.






 «Толлеранттылыққа 20 қадам», «Толлеранттылық мұғалімі» Ұжымға бейімделу адамгершілік қалыпты сақтау, кәсіби дағдыларды қалыптастыру  тақырыбында «Жас ұстаз» мектебінде оқылған дәрістен көрініс.

Дәріс оқушы Кәсіподақ ұйымының төрайымы- Искалиева Н.Э.