Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына орай колледж ішілік Әлихан оқуларын өткізу 2021 жылдың 21.04- 28.04 аралығында жоспарлануда

×

Ақтөбе байланыс және электротехника колледжінде мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына орай  колледж ішілік  Әлихан оқуларын өткізу 2021 жылдың  21.04-28.04 аралығында жоспарлануда .

Әлихан оқуларын өткізу 3 бағыт бойынша өткізіледі. 

Мақсаты: Мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш көсемі, халқымыздың біртуар перзенті – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның еліміздің өткен тарихындағы атқарған ерлік ісі, қалдырған мұралары кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Халқының жарқын болашағына, елінің азаттығы жолында аянбай қызмет еткен Әлихан Бөкейханның тарихтағы алар орны ерекше. Қазақ тарихындағы ұлт басына төнген нәубет, зобалаң жылдарда жеке мүддеден ұлт мүддесін артық қойып, еліннің тәуелсіздігі жолына өмірін арнаған Әлихан Бөкейханның тарихи ерлігінен бүгінгі ұрпақ үлгі алуы тиіс. Сондықтан да ӘлиханБөкейханның 155 жылдығындаАлашкөсемініңтарихиерліктерінатапөту, оны кейінгіұрпаққапашетубүгінгіұрпақтыңбастыміндетіболмақ.

 Әлихан оқуларын өткізу тәртібі

Әлихан оқулары 3 бағыт бойынша өтеді:

1.«Алаштың алыбы...» - ақындар номинациясы.

Бұл номинация бойынша ақындар Әлиханға арнау оқып, қазылар алқасы берген қосымша тапсырманы орындайды және өз шығармаларын оқиды. Қатысушы өз шығармалар (жатқа білуі тиіс) жинағын (папкаға жинақталған) ұсынуы тиіс. Ақындар номинациясы Zoom платформасында өтеді. Уақыты: қосымша хабарланады. Сілтемесі электронды пошталарыңызға алдын ала жіберіледі.

 2. «Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз...» - Әлихан Бөкейханның тәуелсіздік, азаттық тақырыбындағы еңбектері бойынша шығармашылық ғылыми-зерттеу жұмысы номинациясы.Қойылатын талаптар: - жұмыс көлемі 10 беттен аспауы керек; - мәтініWORD; - шрифт Times New Roman 14; - аралық интервал 1,5 мм. - сол жақ параметрі 3 см. - оң жақ параметрі 1,5 см. - жоғары, төмен жағы 2 см. - беттер нөмірленуі тиіс. Титул парағы: - жұмыс жүзеге асырылған ұйымның аты; - жұмыстың тақырыбы; - бағыты (тарих, тұлға, туған ел, адамгершілік т.б.); - орындаушы (тегі, аты,тобы, ); - жұмыс жетекшісі (аты-жөні, жұмыс орны, қызметі); - жұмыстың орындалған уақыты. Мазмұны: - абстракт (аннотация), жұмыстың қысқаша мазмұны (200 сөзден  жоғары)

 3. «Әлихан Бөкейхан және Алаш Орда үкіметі» - Әлихан Бөкейхан бастаған

 ұлттық интеллигенция өкілдерінің бастамасымен құрылған Алаш Орда үкіметінің ұлт тарихындағы алар орны туралы эссе номинациясы. Қойылатын талаптар: - Көрсетілген уақыттан кешіктірілген жұмыстар қабылданбайды! - Жұмыс көлемі 1,5 беттен 3 бетке дейін. Жұмыс WORD форматында қабылданады. - Кегл түрі – Times New Roman, кегл өлшемі – 14, жазба жол аралығы – біреулік, барлық жағынан 2 см. қалдыру керек. - Эссе антиплагиат бағдарламасы арқылы тексеріледі, интернет желісінен - немесе басқа автордың жұмысынан алынған материалдар - қабылданбайды. - Эссе бес түрлі талап тұрғысынан бағаланады: - 1. Мазмұны, ой тереңдігі – 10 ұпай - 2. Әдеби материалды пайдалану деңгейі – 10 ұпай - 3. Эссенің жазылу стилі – 10 ұпай - 4. Емле – 10 ұпай - 5. Тыныс белгілері, пунктуация – 10 ұпай - Эссенің критерийлері мен дескрипторлары: - Эссе мазмұны – тақырыпты толық ашу, өзіндік көзқарасы нақты, мәселеден ауытқымайды және дербес баға бере алады. - Эссе құрылымы – тезисі мен аргументтерді дәлелді қолдана алу, азат жолдарды логикалық түрде байланыстыру, дәлелдерге сүйеніп өзіндік тұжырым жасау. - Тіл шеберлігі – суреттеуі, бейнелі сөздерді (тұрақты тіркестер, мақал- мәтелдер т.б.) шебер пайдалану. - Тілдік сауаттылығы – қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қате немесе тыныс белгісінен 1 қате болу. - Эсседен оқушы 50 ұпайға дейін жинай алады.

 Ұйымдастырушылар

1. Әлихан оқуларының өткізілу орнын белгілейді;

2. Қазылар алқасының құрамы(Тургамбаева А.Т.,Канбаев М.С.Рахова Ү,Калкаманова Г.Т.) мен қатысушылардың тізімін бекітеді;

3. Іс-шараның өткізу бағдарламасын дайындайды;

4. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді  :Алғыс хаттары, дипломдар және

грамоталарымен және марапатталады.

5. Байқауға тіркелу және қатысу жөніндегі сұранысты топ жетекшілер арқылы  қабылданады.