23 – сәуір Халықаралық кітап және авторлық құқық күні

×
Фотография 1 из 1

Ақтөбе байланыс және электротехника колледж кітапханасында 23 – сәуір Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай тақырыптық көрме ұйымдастырылып, слайд көрсетілді. Оқырмандар тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап беріп, кітаптың құрылысымен толық танысты. Шараның негізгі мақсаты: оқырмандарға кітаптың құндылығын жетік түсіндіру, кітапханаға шақыру.

Кітап – адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал, білім мен тәрбие көзі. Ол – адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі. 23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күні.        

Кітап – адамның жан-дүниесінің асыл қазынасы, рухани байлықтың өлшемі, адам интеллектісінің көрінісі. Ол – адамзат үшін ғасырдан ғасырларға жалғасып қызмет етіп келе жатқан ғылым мен өнердің, соның ішіндегі сөзөнерінің туындысы, ғалым адам мен қаламгердің жемісі. https://www.youtube.com/watch?v=tapWaI095EI