Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Тәуелсіздік алтын тұғырымыз!» тақырыбында жаппай І курс білім алушылар арасында диктант жұмысы жүргізілді

×
Фотография 1 из 1

Ақтөбе байланыс және электротехника колледжінде наурыз айының 03.03.-15.03.2021 ж. аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Тәуелсіздік алтын тұғырымыз!» тақырыбында жаппай І курс білім алушылар арасында диктант жұмысы жүргізілді. Диктантты жүргізген   колледждің Тіл мамандары: Турганбаева Н.У., Искалиева Э.Н., Сарина Г.Ж., Альсуйеуова Г.С.

Жоспарға сәйкес  жүргізілген диктанттың мақсаты: Білім алушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар  бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп,  осы қиын жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Тәуелсіз Қазақстанның 30 жыл ішіндегі қол жеткен жетістіктерімен таныстыру, кеңінен насихаттау.

Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 30 жыл. Отыз жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. Еліміздің егемендігі жылдарын  жас ұрпаққа  түсіндіріп, кеңінен насихаттау барша қазақ жұртының  ел алдындағы борышы болмақ.

Диктанттың қорытындысында төмендегідей көрсеткіштерді көрсетті.

 

р/с

 

Мамандығы

Тобы

Білім алушылар саны

Диктант жазу деңгейі

%

Барлығы

Қатысушылар саны

«5»

«4»

«3»

 

1

1306000-«Радиоэлектроника және байланыс», біліктілігі: 1306093«Байланыс технигі»

КГРЭС-101

25

23

8

15

-

92%

2

1309000 - «Оптикалық және электронды құрал-жабдықтар», біліктілігі: 1309013-«Байланыс технигі»

КГОЭ-102

25

24

9

15

-

100%

3

1306000-«Радиоэлектроника және байланыс», біліктілігі: 1306083-«Пошта байланысының технигі»

ПЧ-104

25

23

11

12

-

92%

4

1013000-«Механикалық өңдеу, бақылау өлшеу құралдары және өнеркәсіптегі автоматика». 1013073-«Техник-механик»

КГКИП-105

25

23

10

13

-

88 %