Ақтөбе байланыс және электротехника колледжінде жоспарға сәйкес педагогикалық кеңес өткізіліп отырады

×
Фотография 1 из 1

Ақтөбе байланыс және электротехника колледжінде жоспарға сәйкес  педагогикалық кеңес өткізіліп отырады. Оқу үрдісінің ІІ жартыжылдығында  «Оқу – тәрбие үрдісінде қашықтықтан білім беру сапасын арттыру»  тақырыбында №4  кезекті педагогикалық кеңесі  өтті. Кеңесте колледждің оқу үрдісіне қатысты  мәселелері ашық талқыланып,  шешімі шығарылды.Алғашқы сөз колледж басшысы – Корыкбаев Серикгали Ильясовичке берілді. Күн тәртібіндегі мәселелер төңірегінде жалпы айта отырып, қашықтықтан оқыту үрдісі кезінде ұжымдағы ұйымдастырушылық жұмыстардың атқарылуы барысында  сөз қозғады. Одан әрі педагогикалық кеңестің күн тәртібінде І семестр қорытындысы бойынша  білім алушылардың білім сапасын саралау туралы жәнебілім алушылардың сабаққа қатысымы туралы мониторинг қорытындысы бойынша күндізгі бөлім меңгерушісі-Рахова Үміт Сейтеновна  есеп берді. Тәрбие бөлімі бойынша директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары-Канбаев Муратбек Сабировичтің 2020-2021 оқу жылының І жартыжылдығы бойынша есепте тұрған білім алушылармен атқарылған жұмыс есебі талқыланды. Қашықтықтан оқыту үрдісінде есепте  тұрған білім алушылардың топ жетекшілері, олардың  ата-аналарыментығыз байланыста болып, «Платонус» платформасымен сабаққа қатысуын бақылау керектігі айтылды. Кеңесте колледж әдіскері-Тургамбаева Айнаш Тоқтарбаевна 2021-2022 оқу жылында аттестациядан өтетін оқытушылардың дайындығы мен құжаттардың рәсімделуі  туралы мәлімет бере отырып, бүгінгі күннің басты талабына сай оқытушылардың біліктілігін көтерудегі өзекті мәселелер жөнінде ашық талқылады. Қашықтықтан білім беру кезіндегі колледждегі спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық жұмысының жағдайы туралы  «Дене шынықтыру» пәнінің жетекшісі-Ж. Исмурзин мен «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің оқытушысы-А.Бутагарин өз есептерін берді. Директордың өндірістік ісі жөніндегі орынбасары-Т.Каримсаков колледждегі оқу кабинеттері мен зертханалардың жай-күйі туралы мәліметін бере отырып, кабинет жетекшілеріне  ескертпелерін айтты. Өткен оқу жылынан бастап колледжде  «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлері палатасымен 36 сағат көлеміндегі «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» факультатив сабағы өтіп келеді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары-Махамбетова Самал Кулынтаевна «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2020-2021 жылдарға арналған «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» факультатив сабағының бағдарламасы»  туралы өз мәліметін бере отырып, оқытылатын курстың міндеттері мен  кәсіпкерлікті жетілдіру дағдысын слайд арқылы   түсіндіріп көрсетті.Ең бастысы директордың ақпараттық ісі жөніндегі орынбасары-Есенова Лиман Коблановна   І жартыжылдықтағы Медиа жоспарының орындалу есебі туралы мәліметін  бере отырып, әкімшілік құрылымдық бөлімшелер бойынша жоспардағы жұмыстардың атқарылуын, әлі де жандандыру керектігін айтты. Одан әрі ағымдағы жылдың әртүрлі мәселелері  талқыланып, көптеген сұрақтардың түйіні шешілді. Кеңес соңында колледж директоры- С.Корыкбаев білім алушылардың қашықтықтан оқыту үрдісінде оқып жатқандығын  ескерте отырып, елдегі төтенше жағдайы кезінде  карантин режіміндегі талаптарды қатаң сақтау керектігін ескертті.